Футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан футболдан екі жылға шеттетілді. Бұл туралы журналист Айдын Қожахмет Telegram-каналында жазды.
Отандасымыз Азия футбол қауымдастығы Тәртіпті бақылау комитетінің шешімі бойынша екі жылға футболдан шеттетілді.
Исламхан 16 қыркүйекте Азия чемпиондар лигасында "Әл-Садд" командасымен кездесуден кейін допинг-сынама тапсырған. Сол сынамадан оның қанынан тыйым салынған дәрумен табылған.