Қолайсыз ауа райынан 4000 рейс кейінге шегерілді
Қолайсыз ауа райынан 4000 рейс кейінге шегерілді
5,115
оқылды

24.kz-тің жазуынша, АҚШ-та қарлы боран салдарынан 4 000 рейс кейінге қалдырылды.

Қар синоптиктер болжаған мөлшерден көп жауып, бірден 30 штатта жолдар жабылып қалған. Кейбір өңірлерде қардың қалыңдығы 40 сантиметрге дейін жетеді. Қарлы боран салдарынан 750 рейс тоқтатылып, 4 000 рейс кейінге қалдырылды. Оның көбісі Нью-Йорк, Бостон, Филадельфия, Чикаго және Вашингтон әуежайынан ұшатын бағыттар болған. Нью-Йорк губернаторы Эндрю Куомо өңірде төтенше жағдай режимін жариялады. Ал Нью-Джерси губернаторы болса қызметкерлерді түс қайта жұмыстан ерте босатуға бұйрық берді. Тұрғындарға мүмкіндік болса, үйден шықпауға кеңес беріліп жатыр. Синоптиктер АҚШ-та апта бойы толассыз қар жауады деп болжап отыр.