Минск – Ақтау әуе рейсі іске қосылады
Минск – Ақтау әуе рейсі іске қосылады
266
оқылды

Беларусь Республикасымен әуе қатынасын кеңейту бойынша келісімдерге қол жеткізілді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

2 желтоқсанда қазақстандық делегация Беларусь Республикасының авиация басшылығымен келіссөз жүргізді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен енгізілген «ашық аспан» режимі аясында екі ел арасындағы ұшу жиіліктерінің саны артты, сондай-ақ екі елдің тағайындалған әуе компанияларына ұшу кезінде кодтарды бірлесіп пайдалану туралы коммерциялық келісімдер жасасу мүмкіндігі берілді», – делінген хабарламада.

Қол жеткізілген уағдаластық нәтижесінде, «Белавиа» әуе компаниясы Минскіден Алматыға рейстерді аптасына 5-тен 7 рейске дейін ұлғайтады, сондай-ақ 2020 жылдың жаз кезеңінен бастап Ақтауға аптасына 3 рейс жиілікпен тұрақты рейс ашады.