Бірқатар өңірде ескерту жарияланды
Бірқатар өңірде ескерту жарияланды
134
оқылды

"Ақтөбе, Нұр-Сұлтан, Ақмола, Көкшетау өңірлерінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды" деп хабарлайды Қазгидромет.

4 желтоқсанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасын болады. Елордада тұман түсіп, көктайғақ күтіледі.

Ертең Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады. Желдің жылдамдығы – 15-20 м/с.

4 желтоқсанда Көкшетау қаласында тұман, көктайғақ күтіліп отыр.