Gife Me Sport басылымы ХХІ ғасырдың ең ұлы 50 боксшысының рейтингін жасады. Головкин БАҚ шешімі бойынша алғашқы үштікке еніп отыр. Бірінші орынды сегіз салмақ дәрежесінде экс-әлем чемпионы, филиппиндік Мэнни Пакьяо иеленді. Америкалық кіші Флойд Мейвезер бір қатар төмендесе, ал қазақстандық Головкин үздік үштікті қорытындылап тұр.
Мексикалық Сауль Канело Альварес алтыншы орынға тұрақтаған. Толық тізімді Gife Me Sport басылымының сайтынан көруге болады. Естеріңізде болса, 19 желтоқсан күні таңертең АҚШ-та Головкин кезекті рекордына қол жеткізіп, Камил Шереметаны нокаутпен жеңген еді. Орта салмақтағы GGG-ға әлем чемпионының IBF және IBO белбеулерін сақтап қалу мақсат болды. Бұл жолы Гена көрермен күткен нәтижеге қол жеткізді.А. ЖАНАСЫЛ