Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Білім және ғылым министрінің бұрынғы көмекшісі Күдеровке қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады.
«Күдеров студенттерге арналған жазғы білім беру стартап-мектебін ұйымдастыруға бөлінген 11 млн теңгеден астам қаражатты алаяқтық жолмен жымқыру күдігіне іліккен еді.
Бүгін Нұр-Сұлтан қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасының үкімімен Күдеров 5 жылға шартты түрде сотталды (ҚР ҚК 28-бабының 5-бөлігі – 190-бабының 4-бөлігі 2-тармағы бойынша)» делінген агенттік таратқан ақпаратта.