Бұл туралы zakon.kz. жазды.
Бірінші кезеңде 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайлары, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерге теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары есеп беруі тиіс.Екінші кезеңде 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері және олардың жұбайлары кірісі туралы декларация тапсыруы тиіс.
Үшінші кезеңде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары, жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары декларация толтыра бастайды.
Төртінші кезеңде 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап халық табысы туралы есеп беруі қажет.