«Қайсар» футбол клубы аукционға шығарылды
«Қайсар» футбол клубы аукционға шығарылды
424
оқылды
Қызылорданың "Қайсар" футбол клубы 104 миллион теңгеге аукционға қойылды,– деп хабарлайды  Электрондық сауда-саттықтар тізімінің порталы. Биылғы футбол маусымын сәтсіз аяқтаған «Қайсар» командасы сатылымға шығарылды. Клуб "Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының" меншігінде. Құрылтайшысы – "Қызылорда облысының қаржы басқармасы". "Сауда-саттық түрі: сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беріледі. Бастапқы бағасы – 104 миллион 223 мың теңге, кепілді жарна – 15 миллион 633 мың 450 теңге, аударылған үлес – 3 миллион 546 мың 81 теңге", – делінген мемлекеттік мүлік тізімінің электрондық сауда алаңында шығарылған ақпаратта. Бірінші тендер осы жылдың 6 қазанында өтуі керек. Бірақ аукционға қатысушылардан өтінімі түспеген. Бұған дейін "Қайсар" футбол клубының бас бапкері болып Сұлтан Әбілдаев тағайындалған болатын.