Daily Mail-дің жазуынша, 20 жастағы америкалық Маккен Картер меңін алдырып тастаған. Көп ұзамай миында бес ісік пайда болған.
Vesti.ru-дың жазуынша, 2017 жылы қызға меланоманың бірінші деңгейі диагнозы қойылған. Нәтижесінде, дәрігерлер оның арқасындағы меңді алып тастаған. Дәрігерлер де, қалын алдырған қыз да қатерлі ісіктің көзі жойылғанына сенімді болған. Бірақ бір жылдан кейін Маккен Картер тұмау сияқты басы айналып, жиі ауырған.
Дәрігерлер компьютерлік томографияға түсіргенде миынан бес ісік, қатерлі ісіктің бауыр, өкпе, сүйектеріне ауып кеткенін байқаған. 20 жастағы бойжеткен емделгенімен, емделу нәтиже бермеген.