«Хабар 24»-тің хабарлауынша, 2020 жылдан бастап теміржол билеттерін тікелей сату жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Қазақстан темір жолы компаниясы электронды билет сату жүйесіне жаңалықтар енгізеді.
Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап теміржол билеттерін төте сату жүйесі енгізілмек. Яғни, жүйе бір бағытқа бірнеше пойыздың көмегімен жету жолдарын ұсынады. Сондай-ақ «Жолаушылар тасымалы» қызметі мүмкіндігі шектеулі жандарға интернет-сайттар мен өзіне өзі қызмет көрсету автоматтары арқылы билет рәсімдеу мәселесін нақтылап жатыр.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директорының корпоративтік мәселелер жөніндегі орынбасары Асылхан Қалдыкөзов: «2020 жылы «Мобиус» жүйесі негізінде билет сататын мобильді қосымшаны және билеттерді тікелей сату жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Яғни, тікелей маршрут болмаса, жолаушы діттеген жеріне жету үшін бірнеше орын ауыстыру арқылы билеттерді рәсімдей алады. Ал орындар бір пойызда болмаған жағдайда, басқа келісілген пойыздарға билет ұсынылады», – деді.