Tengrinews.kz-тің жазуынша, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы PISA — 2018 ресми нәтижесін жариялады.
15 жастағы қазақстандық оқушылардың нәтижесі әлем бойынша орташадан да төмен, яғни нашар болған.
PISA тесті – 15 жастағы білім алушылардың оқу, математикалық және жаратылыстану ғылымы сауаттылығы бойынша дағдыларын бағалайды. Осы бағыттардың біреуі әр 3 жыл сайын негізгі бағыт болып саналады. Бұл берілген сұрақтардың жартысына жуығы белгілі бір бағыт бойынша басым болатынын білдіреді. PISA — 2018-де PISA — 2009-дағыдай оқу сауаттылығы басым бағыт болды.