Мүрдесі қоқыс жәшігінен табылған әйелдің қолында 5 миллион теңгесі болған
Мүрдесі қоқыс жәшігінен табылған әйелдің қолында 5 миллион теңгесі болған
208
оқылды

Қарағандыда мүрдесі қоқыс контейнерінен табылған қарағандылық келіншекке қатысты қылмысқа қатысты тың деректер жарияланды.

КТК телеарнасының хабарлауынша, 38 жастағы қарағандылық Жанар Бөлегенованың өлімі жайлы тың мәліметтер шықты.

Телеарна мәліметінше, сол күні келіншектің қолында өзімен бірге 5 миллион теңге болған. Туыстарының сөзінше, ол алаяқтардың арбауына түскен. Себебі, ол бір қаржылық жүйеге ақша салып, аз уақыт ішінде пайызымен қайтарып алып тұрған. Бірнеше рет пайдаға кенелген соң, туған-туыстардан қарызданып жүріп 5 миллион теңге жинап алыпты. Қарағандыда 38 жастағы риэлтор әйелдің денесі контейнерден табылды Алайда қомақты қаражатты апарып берген адамы оны буындырып өлтірген. Мәйітті қаланың шеткі ауданына таксимен жеткізіп, темір жәшікке тастаған. Марқұмның артында кәмелетке толмаған екі баласы қалды.

Күдікті ұсталған. Қарағанды облыстық ПД баспасөз хатшысы Жаңатай Сембеков: «Жедел іздестіру шаралары барысында 36 жастағы күдікті ұсталып, мойындау көрсетпелерін берді. Бүгінгі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің  99-бабы бойынша іс тіркеліп, соның аясында оқиғаның мән-жайы анықталады», – дейді.