Tengrinews.kz-тің жазуынша, Павлодарда жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен қыз бала жансақтау бөлімінде қайтыс болды.
Жедел жәрдем сейсенбіде сәбиді Павлодардағы облыстық балалар ауруханасына жеткізген. Ауруханаға жеткізілгеннен кейін, бір сағаттан соң бала ес жимастан қайтыс болды. «Қыз баланың бассүйек миына ашық түрде ауыр зақым келген, көп жері сынған, миына қан кеткен. Тасымалдау ауыр болды, екі рет жүрегі тоқтады және тыныс алуы да баяулады. Облыстық балалар ауруханасында оған компьютерлік томография жасалды, барлық диагноздары расталды. Алған жарақаты тым ауыр болды, оны аман алып қалу мүмкін емес еді. Ауруханаға жеткізілген соң бірнеше уақыттан кейін қыз бала қайтыс болды», – деді Павлодар облыстық балалар ауруханасы басшысының міндетін атқарушы Ирина Орсагош.
Еске сала кетейік, 2 желтоқсанда Павлодар – Ертіс автожолында Мүткенов ауылына жақын маңда жол апаты болғанын жазған болатынбыз.