Алматыда түнгі клубтың алдында ер адам көз жұмды
Алматыда түнгі клубтың алдында ер адам көз жұмды
113
оқылды

Алматының Алмалы ауданында адам өлімі тіркелді.

Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, үш адам түнгі клубта ішімдік ішкен.

«Үшеуінің арасындағы сөз дауы жанжалға ұласқан. Төбелестің кесірінен 29 және 28 жастағы ер адамдар пышақ жарақатын алған. Олардың бірі соққыдан алған жарақаттан көз жұмды. 36 жастағы күдікті ұсталды», – деді полиция.

Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу басталды.