Алматының Алмалы ауданында адам өлімі тіркелді.
Қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, үш адам түнгі клубта ішімдік ішкен.Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу басталды.«Үшеуінің арасындағы сөз дауы жанжалға ұласқан. Төбелестің кесірінен 29 және 28 жастағы ер адамдар пышақ жарақатын алған. Олардың бірі соққыдан алған жарақаттан көз жұмды. 36 жастағы күдікті ұсталды», – деді полиция.