Пойыз билетін қайтарған кезде 1000 теңгені негізсіз ұстап отырғаны анықталды
Пойыз билетін қайтарған кезде 1000 теңгені негізсіз ұстап отырғаны анықталды
212
оқылды

«Елорда Инфоның» хабарлауынша, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-қа қатысты сот шешімі заңды күшіне енді.

ҚР ҰЭМ Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті: «Жолаушылар тасымалы» АҚ билеттерді қайтару кезінде 1 мың теңге негізсіз ұсталуына байланысты сот үстем жағдайды теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды. Бұдан бұрын осы жылдың ақпан айында монополияға қарсы орган оған бұзушылық белгілерінің бар-жоғы және тергеп-тексеру басталғанға дейін оны жою мүмкіндігі туралы хабарлама жолдады. Алайда «Жолаушылар тасымалы» АҚ заңда көзделген осы құқықты пайдаланбады және нәтижесінде сотта ұтылды», – делінген комитеттің хабарламасында.