Nur Otan Тастөбе ауылын табиғи газбен қамтуға ықпал етеді
Nur Otan Тастөбе ауылын табиғи газбен қамтуға ықпал етеді
5,278
оқылды

Жамбыл ауданының Тастөбе ауылында Nur Otan партиясынан Жамбыл облыстық мәслихатына кандидаттар Д.Тоқбергенов, Ғ.Сағынтаев пен Жамбыл аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Б.Ералиев сайлаушылармен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Тастөбеліктермен кездесуде кандидаттар партия бағдарламасының басым бағыттарына тоқталды. – Азаматтарға лайықты өмір сүру үшін оңтайлы жағдай жасау, олардың тұрмыс сапасын арттыру өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіші саналады. Бұл орайда Nur Otan партиясы ауыл тұрғындарының жағдайын жақсартуға басымдық береді. Сондықтан да партияның ықпалымен алдағы 5 жылда ауыл шаруашылығы саласының ең өзекті мәселесіне айналған ағын судың тапшылығы мәселесі өз шешімін табады. Мұнда ең әуелі суару арналар мен дренаждық жүйелерді қайта қалпына келтіру ісіне көңіл бөлінеді. Осылайша жалпы көлемі 182,4 мың гектар суармалы алқап қайта қалпына келетін болады. Суармалы жердің көлемінің артуы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер өндіретін өнім көлемінің де ұлғаюына мүмкіндік береді. Сондықтан да партия жамбылдық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің экспорттық әлеуетін арттыруға назар аударып отыр. Тиісті шаралардың қабылдануымен Жамбылда жасалған, өндірілген тауарлар Германия, Жапония, Біріккен Араб Әмірліктері сынды елдердің нарығына жол тартады. Салаға серпін беруде ауылдық өндірістік кооперативтерді ұйымдастыруға айрықша назар аударылады. Дәл осы агроқұрылымдардың жұмысын тиімді жолға қоятын болсақ, 2200 жұмыссыз өз нәсібін ауыл шаруашылығы саласынан айырады. Тастөбеліктер сынды облыстағы жүздеген ауылдың басты мәселесі саналатын елді мекендерді газдандыру да Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасының басты басымдықтарының біріне жатады. Бағдарламаға сай алдағы 5 жылда облыстағы 107 елді мекен көгілдір отынмен қамтылады. Оның ішінде Тастөбе ауылы да бар. – Ауыл шаруашылығы, елді мекендерді инфрақұрылыммен қамту салаларындағы нақты жоспарларымызды іске асыру үшін біз алдағы сайлауда сіздердің қолдауларыңызға иек артамыз, – деді Ғалымжан Таймасұлы. Өз кезегінде тастөбеліктер партияның ықпалымен ауылда газдандыру, көшелерді жарықтандыру жұмыстарының жүргізілетініне ризашылығын білдіріп, халықтың тұрмыс сапасын жетілдіруге көңіл бөлген партияға дауыс беруге дайын екендіктерін айтты.

Nur Otan партиясы Жамбыл облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді.