Мас жүргізушіні полиция елорданың орталығында ұстады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Полиция қызметкерлері «Мәңгілік ел» мен «Ұлы дала» даңғылдарының қиылысында жолдың ортасында тоқтап, көлік қозғалысына кедергі келтірген Hyundai Elantra көлігін байқайды. Көлікке жақындаған тәртіп сақшылары олардың дыбыстық ескертуіне жауап бермеген ер адамның рульде отырғанын көреді.
«Көліктің есігін ашуға тырысқан кезде, жүргізуші оянып, қашып кетуге тырысты. Полицейлер жүргізушіні көліктен шығарып, оны алкогольдік ішімдік ішкенін анықтайтын орынға апармақ болды. Ер адам белгілі бір дәрежеде мас күйде болған», – деп хабарлайды қалалық полиция.
Полиция департаментінің мәліметінше, 38 жастағы жүргізушіге ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабы 6-бөлігі бойынша хаттама жасалды. Сондай-ақ, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 613-бабы 1-бөлігі бойынша 30 АЕК (75 мың теңгеден астам) айыппұл салынады.
https://www.youtube.com/watch?time_continue=23&v=-g9437g9aD8&feature=emb_logo