«Алматыметроқұрылыс» басшысы қайта қамауға алынды
«Алматыметроқұрылыс» басшысы қайта қамауға алынды
203
оқылды

«Алматыметроқұрылыс» директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Рейимов қамауға алынды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының Қайрат Рейимовке қатысты 25 миллион 250 мың теңге кепілдік мөлшерін анықтаумен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы шешімі өзгертілді. Күдіктіге қатысты кепіл мөлшерін анықтау күші жойылды. Сөйтіп, Қайрат Реимов екі айға қамауға алынды», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, 27 қарашада директорлар кеңесінің төрағасы Қайрат Рейимовтің ұсталғаны туралы белгілі болды. Полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы – «Аса ірі көлемдегі алаяқтық» бойынша қылмыстық істі тергеп жатқанын хабарлаған.

Кейін ол 25 миллион теңге сомасында кепілмен босатылғаны айтылды.