Семей қаласында полиция қызметкерлері аязда үсіп қала жаздаған 20-дан астам адамды құтқарды.
Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, кеше 30 градус аязда көшеде қалған 21 адам Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізілген. Олар мас күйде болған.
Осыған байланысты денсаулығы мен өміріне қауіп төнбес үшін полицейлер қала тұрғындарына өтініш жасады. «Егер сіз көшеде мас күйде жалғыз жатқан адамды, қасында ересек адам жоқ баланы немесе көмекке мұқтаж қарттарды байқасаңыз «103», «112», «102» нөмірлерінің біріне қоңырау шалыңыз. Біз дереу оларға көмек көрсетеміз», – деп хабарлады ведомство өкілдері.