Маңғыстау облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы аққудың өліміне қатысты түсініктеме берді.
Инспекция хабарлағандай, қызметкерлер аталған мекенжайға барған, бірақ құстың қаңқасы табылмады.
"Қызметкерлер жағалауды қарап шықты, тексерді, бірақ өлі аққуды табу мүмкін болмады. Қаңғыбас иттер алып кетуі мүмкін, өйткені құмда іздері айқын көрінеді", – деп хабарлайды Маңғыстау облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының баспасөз қызметі.
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы аққуды заңсыз өлтіргендер 208 350 теңге шығынды өтейтінін, сондай-ақ ҚР ҚК 316-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын атап өтті.
Аталған факті бойынша облыстық аумақтық инспекция қызметкерлері Полиция департаментіне хабарласты.
Егер қала тұрғындары өлтірілген аққуға қатысты толық мәліметті хабарласа, облыстық аумақтық инспекция мына байланыс нөмірлері бойынша хабарласуды сұрайды: қабылдау бөлімі: +7 (7292) 331 037, баспасөз қызметі: +7 771 605 26 70.
Ақтау 1А ықшамауданындағы Жартас соқпағының басында теңіз жағасында өлген құс табылған еді.