Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан «Қайрат» сапында жаттығады.
Бұл туралы журналист Айдын Қожахмет Instagram-дағы парақшасында жазды.
"Баторидің (ред - Бауыржан Исламханның) бұрынғы клубы оған көмектесіп, оның қаңтарда командамен жаттығу туралы өтінішінен бас тартпады. Исламхан допинг қолданғанына байланысты футболдан шеттетілу ісі бойынша CAS-та өтініші қаралғанға дейін алматылықтармен бірге жұмыс істейді", – деп жазды Қожахмет.