6 мыңдай балабақшаның жартысында бейнебақылау камерасы жоқ
6 мыңдай балабақшаның жартысында бейнебақылау камерасы жоқ

24.kz-тің хабарлауынша, Қазақстандағы балабақшалардың жартысына жуығында бейнебақылау камерасы жоқ.

Мәжіліс депутаттары балабақшаларға бейнебақылау камераларын орнатуды ұсынды. Мектепке дейінгі мекемелердегі балалардың қауіпсіздігі өте маңызды. Қазір елімізде 6 жарым мыңға жуық балабақша бар. Олардың жартысына жуығы ғана бейнекамералармен жабдықталған.

Сонымен қатар, мәжіліс депутаттары балабақша орналасқан аудандарда патрульдік қызметті  күшейту керек деген мәселе көтерді.

Мәжіліс депутаты Ерсұлтан Бектұрғанов: «Бейнекамераларға қатысты келісімшартты тек лицензиясы бар мекемелермен ғана жасауы керек. Жаңа балабақшаларды, әсіресе, жекеменшік балабақшаларды ашу кезінде тек қана бейнекамералар емес, өзге де балалардың қауіпсіздігі бойынша кешенді шаралар басты назарға алынуы тиіс.  Әрине, бұл мәселелерді шешу үшін қаржы қажет екені белгілі. Бірақ біз үшін балалардың өмірі бәрінен де қымбат екенін естен шығармайық», – деді.