Мемлекет бизнестің дамуына қолдау көрсетуі тиіс
Мемлекет бизнестің дамуына қолдау көрсетуі тиіс
114
оқылды
Қазақстан Халық партиясы Жамбыл облыстық сайлауалды штабының белсенділері Тараздағы «Айрылмас» сауда, ойын-сауық орталығында шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесуге қатысушыларға сайлауалды бағдарламаның негізгі тезистері түсіндірілді және Қазақстан Халық партиясының үгіт материалдары таратылды. Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидат Жанат Естаева Қазақстан Халық партиясы коронавирус пандемиясы салдарынан қаржылық қиындықтарға тап болған жеке және заңды тұлғаларға банктердің есебінен несие рақымшылығын жүргізуді жақтайтынын айтты. Өйткені бұл азаматтар, кәсіпкерлер мен ұйымдар шектеу шараларына дейін үнемі салық төлеп, жұмыс орындарын құрды. – Біз шағын және орта бизнестің заңға бағынатын өкілдеріміз және несие рақымшылығы біз үшін өмір сүрудің жалғыз құралы болып қала береді. Мемлекет өз азаматтарына қамқорлық жасайтын уақыт келді, – дейді бизнес өкілдері. Қазақстан Халық партиясының сайлауалды бағдарламасы кәсіпкерлер тарапынан қолдау тауып, сауда, ойын-сауық орталығының ұжымы ҚХП-ға дауыс беруге дайын екенін білдірді.