Көліктік бақылау инспекциясының қызметкері пара алған
Көліктік бақылау инспекциясының қызметкері  пара алған
190
оқылды

Нұр-Сұлтан қаласындағы көліктік бақылау инспекциясының бас маманы пара алды деп айыпталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

Ведомство «Нұр-Сұлтан қаласындағы көліктік бақылау инспекциясы» РМБ-ның бас маманына қатысты, олардың қызметін жалпы қорғау үшін жүйелі түрде ірі көлік субъектілерінен пара алды деген күдік бойынша тергеудің аяқталғанын хабарлады.
«2019 жылдың 3 желтоқсанында Байқоңыр аудандық №2 сотының үкімімен С.С. Айдаркенов бірнеше рет пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 26 миллион 250 мың теңге айыппұл салынды, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды», – делінген хабарламада.