Аязда мүгедекті автобустан түсіріп кеткен жүргізуші жұмысына қайтып келді
Аязда мүгедекті автобустан түсіріп кеткен жүргізуші жұмысына қайтып келді
5,189
оқылды

Нұр-Сұлтанда аязды күні 17 жасар студентті автобустан түсіріп кеткен жүргізуші жұмысына қайта кірісті. Бұл туралы "Астана LRT" ЖШС басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов өзінің Facebоok парақшасында хабарлады.

Жазбада екі тараптың жолығып, ортақ мәмілеге келгені туралы айтылған. Кездесуге баланың туыстары, автобус паркінің директоры мен жүргізуші келіпті. Әңгімеден соң баланың туыстары жүргізушіні кешіріп, әкімнен оны жұмысқа қайта алуын сұраған. Жазбада Бекмырза Игенбердиев бұл оқиғаның басқа жүргізушілерге сабақ болуы керек екенін жеткізеді. Сондай-ақ суықта ешкімді автобустан түсіруге болмайтынын, ал жүргіншілерге жол ақысын алдын-ала дайындау керегін ескерткен.

Естеріңізге сала кетсек, 20 қараша күні Қосшы ауылынан келе жатқан автобус жүргізушісі 17 жасар студентті жолдан түсіріп кеткен болатын. Нәтижесінде қала басшысы Алтай Көлгінов № 1 автобус паркінің директорына қатаң сөгіс жариялап, жүргізуші жұмыстан кетті.