Жүктілік кезінде Ақтау қаласының ВИЧ індетін жұқтырған тұрғын дәрігерлерге тіркелмеген және тексеруге келмеген. Бұл туралы облыстық ЖҚТБ орталығының эпидемиология бөлімінің меңгерушісі Жәмила Махамбетқалиева айтты, – деп хабарлайды Lada.kz.
Жәмила Махамбетқалиеваның айтуынша, жергілікті тұрғында АҚТҚ-ның оң жағдайы ауруханада ғана анықталған. Қазіргі уақытта бала тексерістен өтіп, тиісті ем алуда.
2019 жылы Маңғыстау облысында АҚТҚ-инфекциясымен қатар жүретін аурулардың салдарынан үш адам қайтыс болды. Жәмила Махамбетқалиева атап өткендей, бұл – мамандарға мамандарға дер кезінде келмей, кешігіп қаралудан туындап отыр.
Осы жылдың 10 айында 40 адамда ауру анықталды, олардың алтауы – шетелдіктер. Бүгінде диспансерде 198 науқас есепте тұр.
Дәргерге тексерілуді Ақтау қаласы, 3 шағын аудан, 170 ғимараттағы ЖҚТБ орталығында жүргізуге болады.
Сенім телефоны: 50-40-49
Анонимділік пен құпиялылыққа кепілдік беріледі.