Бұрынғы Энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупа ел Президентіне үндеу жолдады. Бұл туралы Facebook-те оның адвокаты Нұрлан Бейсекеев мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Мен аталған (шағым) Конституцияның кепілі ретінде сіздің жеке назарыңызды өзіне аударады деп үміттенемін, өйткені бұл (шағым) соттардың азаматтардың жеке бас бостандығына конституциялық құқығын толығымен бұзуы туралы өте күрделі мәселені көтерді. Менің білуімше, бүгінгі таңда сіздің әкімшілігіңізде осы қылмыстық істі тексеру жөнінде арнайы жұмыс тобы құрылды», – деп жазды адвокат.
Өз хатында Шкарупа өзін 2018 жылдың 16 қарашасынан бастап Қарағанды облысының мекемесінде ұстап отырғанын жазған.
«Сізден Сарань қалалық сотының алдын ала тыңдалымында бұлтартпау шарасын ұзарту немесе алып тастау туралы мәселе шешілмегенін (2019 жылдың 15 қарашасы) және менің қамалуымның санкцияланған мерзімі 2019 жылдың 16 қарашасында аяқталғанын ескеруіңізді сұраймын. Осылайша, сот санкциясы болмаған жағдайда, менің ісімді қарау алдын ала тыңдау сатысында екенін, сондықтан ҚІЖК 342-бабының ережелері қолданылмайтынын ескеріп, мен 2019 жылдың 16 қарашасында қамаудан босатылуға тиіс едім. Алайда, осы уақытқа дейін, менің РГУ«АК-159/1» басшысы мен Қарағанды облысының прокурорының атына берген өтінішім қаралған жоқ. Менің конституциялық құқығым қамтамасыз етілмеген – делінген хатта.
Ол Президенттен Конституцияның, адам құқықтары мен бостандықтарының кепілі ретінде шаралар қабылдауды сұрады
Бұған дейін Анатолий Шкарупаға қаржы жымқырды деген айып тағылған болатын. Энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупамен бірге «ТКШ Даму қоры» АҚ-ның бұрынғы төрағасы Қайсар Байдалы және кәсіпкер Ерлан Набиев қамауға алынды.
2019 жылдың қарашасында Шкарупа ісі қозғалғанда кәсіпкер Е.Набиев Арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексельдің заңсыз әрекеттері, азаптауы туралы арыз берген.