Liter.kz-тің жазуынша, Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі қылмыстық істің жабылғанын хабарлады.
«SuperStar.kz – 2006» жобасының финалисі, «Арнау» дуэтінің бұрынғы әншісі Жанар Хамитоваға қатысты «Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу» бабы бойынша тергеу аяқталды.
Дереккөздің хабарлауынша, іс қылмыстық құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты ҚР ҚІЖК-нің 35-бабы негізінде тоқтатылды.
Айта кетейік, эстрада әншісі Жанар Хамитова қыркүйек айында Қарағанды облысы Қарқаралыдағы ата-анасының үйінде қайтыс болған еді. Әншінің артында екі баласы қалды.
Әншінің туыстары әнші өз-өзіне қол салмағанын, үй жинап жүргенде жүрегі тоқтап қалғанын айтқан. Ата-анасы жедел жәрдем шақырғанымен, дәрігерлер Жанар Хамитованың өмірін сақтап қала алмады.