Құрманғазы оркестрі Бейжіңде концерт берді
Құрманғазы оркестрі Бейжіңде концерт берді
203
оқылды

«ҚазАқпараттың» жазуынша, Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік халық аспаптары академиялық оркестрі Қытай астанасында Ұлттық орындау өнері орталығында өнер көрсетті.

«Ұлы дала сазы» концерті «Әлемдік музыкалық топтамалар» жобасы аясында өтті. Концерттік бағдарламада қазақ және шетелдік композиторлардың туындылары, Құрманғазы, Түркеш, Н.Тілендиев және тағы басқалардың шығармаларын көрерменге паш етті.

Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік халық аспаптары академиялық оркестрінің директоры Қуанышбек Мұханғалиевтің айтуынша, концерт жоғары деңгейде өткен.