Нұр-Сұлтан әуежайында оқ атылды
Нұр-Сұлтан әуежайында оқ атылды
249
оқылды

Салдарынан үш инспектор жараланған.

Facebook қолданушысы Нұр-Сұлтан әуежайында оқ атылып, адамдар жараланғаны туралы жазған. Желіде 3 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан әуежайының өрт, апатты-құтқару қызметінің ғимаратында қару тексеру кезінде мылтық өздігінен атылып, үш инспектор денесінің төменгі бөлігінен жараланғаны туралы ақпарат тарап кетті. 

Полиция департаменті бұл оқиға бойынша тергеу жұмыстарын бастағанын мәлімдеді. 

«Факті Нұр-Сұлтан әуежайына қарайтын полиция бөлімшесінің сотқа дейінгі тергеудің біріңғай реестріне Қылмыстық кодекстің 114-бабының 3-тармағы бойынша тіркелген. Істің мән-жайын тексеріп жатырмыз», – деді департаменттің баспасөз қызметі. 

Әуежайдың сайтындағы мәліметке сәйкес өрт, апатты-құтқару қызметі ұшақтардың ұшып-қонуы кезінде аэродром аумағында өрт қауіпсіздігін, апатты-құтқару операцияларын жүргізуді қамтамасыз етіп, төтенше жағдай кезінде көмек көрсетумен айналысады.