Қарағандыға Нарек Гурурян жеткізілді.
Бір ай бойы іздестірілген қылмыскер Нарек Гурурян Ресейден табылған. Ол Қарағандыдағы «Ежелгі Рим» мейрамханасының жанындағы жаппай төбелеске қатысқан деген күдікпен Ресейдегі тергеу изоляторында 10 айдай қамауда болған. Сөйтіп, қылмыскерді жазаға тарту мақсатында Қазақстанға жіберілді. Қазір ол Қарағандыдағы тергеу изоляторында жатыр.
Күдіктінің елде болмауына байланысты қылмыстық іс бұрын тоқтатылған еді. Енді іс қайта қозғалды.
Естеріңізге салсақ, оқиға 2019 жылдың 1 қаңтарында болған. Үкім 4 қарашада жарияланған. Сот шешімімен қылмыскер «адам өлтірді» деген айыппен 19 жылға бас бостандығынан айырылды. Қалған қатысушылар бас бостандығынан айырылса, енді біріне бас бостандығына шектеу қойылды.