ҰҚК «Олимп» букмекерлік кеңсесіне қатысты тексеріс бастады
ҰҚК «Олимп» букмекерлік кеңсесіне қатысты тексеріс бастады
266
оқылды

Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті белгілі букмекерлік кеңсенің жұмысын тоқтатқан.

Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады. Онда ҰҚК Департаменті мен прокуратура органдары бірлесіп «Олимп» кеңсесінің әкімшілігі заңсыз құмар ойын ошағын ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғаны айтылған. Тергеу құжаттарына сәйкес компания Заң нормаларын өрескел бұзып, ғаламтор арқылы заңсыз кәсіппен айналысқан. Хабарламада «2019 жылдың 29 қарашасында ақшаны заңсыз жолмен Қазақстан аумағынан шығару әдісі анықталып, бұғатталды. Бұдан басқа да қаржылық қылмысқа жататын әрекеттер тіркелді. 2019 жылдың 29 қарашасында Алматы ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен Only bet ЖШС мен Alpha bet ЖШС берген «Олимп» БК сауда белгісінің лицензиясы алты айға тоқтатылды. Қазір «Олимп» букмекерлік кеңсесінің басқа да қылмыстық әрекеттерін анықтау бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр»,– делінген.

https://youtu.be/XrHT5jTVInA