«Қыста қырма сақалдар ауырмайды» – дәрігер
«Қыста қырма сақалдар ауырмайды» – дәрігер
301
оқылды

Беттегі түк тұмау мен ЖРВИ вирусын жұқтыру мүмкіндігін арттырады.

Жұқпалы аурулар белең алатын қысқы мерзімде мұрты мен сақалы бар ер азаматтарға тазалыққа қатты мән беру керек. Өйткені беттегі түк бактериялар мен вирустардың көбеюіне қолайлы жағдай туғызады екен. Сондықтан оларды қырып тастағаннан артығы жоқ. Бұл туралы ресейлік дәрігер Андрей Тяжельников журналистермен сұхбатында мәлімдеді. 

«Адам денесіндегі түктер шаң-тозаңның жиналатын орны. Оның ішінде түрлі бактерия болады. Ал адам ағзасынан бөлінетін ылғал мен жылу микробтарды көбейтеді. Тіпті, қыс мезгілінде жұқпалы аурулар тарататын ұяшыққа айналу қаупі бар», – деп түйіндеді маман.