«Қыз бен теңіз» фильмі халықаралық фестивальде үздік атанды
«Қыз бен теңіз» фильмі халықаралық фестивальде үздік атанды
217
оқылды

«Қазақфильмнің» мәліметінше, «Қыз бен теңіз» «Үздік азиялық фильм» номинациясын жеңіп алды.

«Cinemaking International Film Festival-інде «Үздік азиялық фильм» номинациясын жеңіп алды. Фестивальге 50 елден 150-ге жуық фильм ұсынылған» делінген хабарламада.

«Қыз бен теңіз» фильмін «Қазақфильм» киностудиясы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Жаңа әлем» АРДИ видеостудиясымен бірлесіп түсірген.

  https://youtu.be/uCJOawAS8EU