Фархат Шәріпов өзінің жаңа фильміне кастинг жариялады
Фархат Шәріпов өзінің жаңа фильміне кастинг жариялады
157
оқылды

Белгілі режиссер Фархат Шәріпов «Хардкор» атты жаңа фильмді түсіруді қолға алды.

Аталған кинотуынды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша «Ұлттық  киноны қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қолдауымен түсірілетін болады.

Фильм жеткіншектердің  өмірін баяндайды. Туындының кейіпкерлері қуаныш пен қайғыны, алғашқы махаббат, достық пен сатқындықты бастарынан кешіреді. Жастықтың албырт кезеңі кейбіреулерін нашақорлыққа да әкеліп жығады. Фильмнің түсірілімдері келесі жылдың көктеміне жоспарланған.

Кастингке 16 және 30 жас аралығындағы жігіттер мен қыз-келіншектер қатыса алады. 

Ол үшін hardcore.casting1@mail.ru электронды адресіне қатысушының аты-жөнін, жасын, бойы мен салмағын, сондай-ақ суретін салып жіберу керек.

Өтінімдердің қабылдануы туралы және осы жобаның басқа да жаңалықтарымен таныс болғыңыз келсе, Instagram желісіндегі @film_hardcorе парақшасына жазылыңыздар!