Nur Otan партиясы атынан Казталов аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Ерболат Бекмулдин, Индира Әлібекова, Гүлбарам Лукпанова, Рауан Есенғалиев канвассинг форматы бойынша Жалпақтал ауылдық округінің мүмкіндігі шектеулі азаматтарымен кездесті.
– Мемлекетіміз соңғы жылдарда мүмкіндігі шектеулі жандарға көп көңіл бөліп келеді. Партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Біз оларды белсенді өмірге тартамыз, олар тек жәрдемақы алып қана қоймайды, сонымен бірге, өздерін қоғамның мүшесі, пайдалы еңбеккер ретінде сезінетін болады» деген болатын. Күні бүгінге дейін мүмкіндігі шектеулі жандардың қолайлы өмір сүруі үшін мемлекет әр түрлі бағдарламаларды қолға алды. Nur Otan партиясы Казталов аудандық филиалының бес жылға арналған бағдарламасының үшінші бағыты арқылы тең мүмкіндіктер құра отырып, ауданда ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін кедергісіз орта құруға ерекше көңіл бөлінетіндігі басты мақсат екендігі көрсетілген. «Кедергісіз болашақ», «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» сынды партиялық жобалар көп балалы және аз қамтылған отбасыларды, мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдауға, ардагерлермен қоғамды әлеуметтендіруге бағытталатын болады, – деді Гүлбарам Лукпанова.
Бағдарламада 2025 жылға дейін инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған білім беру ұйымдарының үлесін 100 пайызға дейін жеткізу, мүмкіндігі шектеулі адамдарға ыңғайландырылған нысандар үлесін құжатталған нысандар санынан 96 пайыз жеткізу, мүмкіндігі бар адамдарға өздерінің жеке қажеттіліктерін ескере отырып, онлайн режимде көмекші, компенсаторлық құралдар мен әлеуметтік қызметтерді алуға мүмкіндік беретін әлеуметтік қызметтердің бірыңғай порталын енгізу, аудан орталығында «
Инватакси» қызметінің жұмысын ұйымдастыру, мүгедектігі бар адамдар үшін «Бизнес Бастау» курстарын ұйымдастыруға және өз кәсібін ашу үшін грантқа ие болуына мүмкіндік жасау қарастырылған. Бұл туралы үміткерлер бағдарламаны түсіндіру барысында әр сайлаушыға нақты ақпараттармен түсіндіріп берді. Сайлаушылар партияның атқарып жатқан жұмыстарына ризашылықтарын білдіріп, сәттілік тіледі. Кездесу барысында бірқатар әлеуметтік және білім саласына қатысты мәселелер қозғалды. Үміткерлер мәселелер партия назарында болатындығын жеткізді.
Тапсырыс беруші: Бекмулдин Ерболат Мұратқалиұлы.
Nur Otan партиясының Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданының
сайлау қоры қаражатының есебінен төленді.