Шылым шеккендердің өкпесін қалпына келтіретін диета
Шылым шеккендердің өкпесін қалпына келтіретін диета
5,293
оқылды

Америкалық ғалымдар шылым шегушінің өкпе қызметін қалпына келтіру үшін қандай тағам жеу керегін айтты.

Бұл туралы ресейлік «Звезда» арнасының ресми сайты мәлімдеп отыр. Дәрігерлер 10 жыл бойы 650 еріктінің денсаулығын бақылап келген. Сондай-ақ тәжірибееге қатысушылардың спирометриялық көрсеткіштері де тіркеліп отырған. Бұл адам өкпесінің қызметін, оның ішінде адам тынысының көлемі мен жылдамдығын өлшейтін әдіс. Күніне екі не одан да көп қызанақ пен кем дегенде үш алма жеген жандардың өкпе жұмысы реттеліп, басқа қатысушыларға қарағанда көрсеткіштері жақсара түсіпті.

Зерттеу нәтижесінде мамандар күнделікті асқа көкөніс пен жеміс қосылған тағамдарды қолдану өкпеге жағымды әсер етеді деген қорытындыға келіпті. Ал адам өкпесінің қызметі 30 жастан кейін нашарлай бастайды екен.