Алматы облысында жер сілкінді
Алматы облысында жер сілкінді
5,230
оқылды
Зілзаланың эпицентрі Алматыдан солтүстік-батысқа қарай 147 шақырым қашықтықта Іле ауданының аумағында орналасқан. 7 желтоқссан күні сағат 07:08-де «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ ММ» сейсмикалық станция желісі жер сілкінісін тіркеген. Зілзаланың эпицентрі Алматыдан солтүстік-батысқа қарай 147 шақырым қашықтықтағы Іле ауданының аумағында орналасқан. Қуаттылығы 8,9 Магнитудасы MPV 4.3. Эпицентрдің координаты 44.18° с.е. 75.67° ш.б. Тереңдігі 25 км. Сезілу бойынша деректер (МSК-64 шкаласы бойынша): жоқ Алматы облысының ТЖ басқармасының мәлімдеуінше жағдайды бағалау үшін жергілікті органдар түгел құлақтандырылған. Ғимараттардың қирауы мен зардап шеккендер туралы хабарлар түспеген.