Ресейдің арнайы жасақ жауынгері жылдам ұйқының құпия әдісімен бөлісті.
Сарбаздың сөзінше бұл әдісті алғашында әскери ұшқыштар қолданған. Өйткені олар ұзақ атыстар кезінде айналадағы шуға қарамастан мызғып алуы қажет екен. Ол үшін дүниенің бәрін ұмытып денені босаңсыту және тыныс алудың арнайы техникасын қолдану керек. Осылайша бір жарым минутта ұйықтап кетуге болады.
Алдымен орындыққа арқаны тіреп, қолды кеуде тұсында айқастыра ұстау қажет. Және бас пен мойын бұлшық еттерін босатып, иекті кеудеге тірейді. Баяу әрі терең тыныс алып, аяқты айқастырмау да маңызды. Осылайша дене тмпературасы біртіндеп төмендеп, адамның ұйқысы келеді екен.
Бұл әдісті жатып та жасауға болады. Тек қолды кеудеге емес, жанына алақанын жоғары қаратып қою керек. Осылайша 15-20 минуттың ішінде ұйқыны қандырып алуға болады. Бұл әдісті әйгілі Штирлиц туралы фильмде де көрсетеді.