Қазақ сарбазының жекпе-жегі тікелей эфирде көрсетіледі.
Қазақ сарбазының жекпе-жегі тікелей эфирде көрсетіледі.
141
оқылды

Ол Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 8 желтоқсан күні таңертең Канадада шаршы алңға көтерілмек.

Бірінші орта салмақта WBC тұжырымының жастар арасындағы чемпионы Садриддин Ахмедов (10-0, 9 КО) пен Хосе Антонио Вильялобос (12-5-2, 7 КО) жекпе-жегі Монреаль қаласында өтеді. Кештің басты кездесуінде орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпоны канадалық Давид Лемье (40-4, 34 КО) мен украиналық Максим Бурсак (35-5-2, 16 КО) қолғап түйістірмек.

Қазақстандықтар бұл бокс мерекесін таңғы 08:00-ден бастап «Хабар» арнасынан тікелей эфирде көре алады.

21 жастағы отандасымыз биыл бес кездесу өткізді. Соңғы жекпе-жегінде мексикалық Джонни Наварретені (33-15-2, 15 KO) нокаутқа түсірген болатын. 2018 жылдың сәуірінен бері кәсіпқой спортқа ауысқан отандасымыз бокс әлемінде "Қазақ сарбазы" деген атпен танымал.