Адам қартаюының үш кезеңі бар
Адам қартаюының үш кезеңі бар
278
оқылды

Ағзадағы негізгі өзгерістер 34, 60 және 78 жаста орын алады

Стэнфорд университетінің ғалымдары адам қартаюы бірнеше кезеңге бөлінетінін тапқан. Мамандар адам қанының жасушаларын тексеріп плазмадағы ақуыздарды зерттеген. Тәжірибе барысында 18 бен 95 жас арасындағы 4263 адам бақылауда болыпты.

Ғалымдар қан плазмасындағы ақуыздар күрделі өзгерістер шамамен 34, 60, 78 жаста орын алады деген қорытындыға келіпті. Олар бұл жаңалықты қарт адамдардың ауруларын емдеу кезінде тиімді қолдануға болады деп отыр.