Зайсанда үміткерлер «Есіктен есікке» акциясын жалғастырып жатыр
Зайсанда үміткерлер «Есіктен есікке» акциясын жалғастырып жатыр
286
оқылды
Ауданымызда сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары қарқынды өтуде. Кандидаттыққа үміткерлер елді-мекендерді, жеке сайлаушыларды, мекемелерді аралап Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде. Демалыс, мереке күндеріне, ауа-райының қолайсыздығына қарамастан аса белсенділікпен аралап, халықтың арасында партияның 5 жылға жоспарланған бағдарламасын насихаттауда. Кездесу барысында туындаған мәселелер, қойылған сұрақтар назарға алынып, ұсыныс, тілектерін тыңдап, жауап берілуде. Осы орайда аудандық маслихат депутаттығына үміткер Уалынова Толқын Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасының 7 басым бағытын «Есіктен есікке» акциясы аясында Ж.Марқабаевтың отбасында насихаттады. Келешекте ауданның дамуына бағытталған басым бағдарларын атай отыра, «Жастарға арналған аудан» бағытына аса назар аударды. Әсіресе Зайсан ауданында 7 мыңнан астам жас тұрғындар барына тоқталып, Nur Otan партиясы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы жастарды ауылға, туған жеріне тартып жағдай жасайтыны, оның ішінде әлеуметтік қолдау жолымен: тұрғын үймен қамту, көтерме жәрдемақы беру сияқты мүмкіндік беретіндігіне тоқталды. Кездесу соңында үміткер жас отбасына сайлауға белсенділікпен қатысып, дұрыс таңдау жасауға шақырды. Отбасы мүшелері партия филиалының сайлауалды бағдарлама бағыттарына қолдау білдіретінін жеткізді.

Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» Заңының 28 бап, 5 тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан аудандық мәслихатына депутатар сайлауға  Nur Otan партиясы қоғамдық бірлестігінің сайлау қорынан төленді. 

Тапсырыс беруші: М.Мұратқызы