Джошуа Руиcте кеткен есесін қайтарды (Видео)
Джошуа Руиcте кеткен есесін қайтарды (Видео)
152
оқылды

Британдық боксшы Америкалық қарсыласын ұпай санымен жеңді.

Бокс кеші Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядтың маңындағы Ад-Дирия қаласында өткен болатын. Шегіне жүріп ұрыс салған Энтони Джошуа Энди Руистен айласын асырып кетті. Үш төреші де британдық боксшыға бүйрегі бұрған. Олардың екеуі кездесу қортындысын 118:110 деп бағаласа, біреуі 119:109 ұпайын берді.

Енді британдық боксшы WBA, WBO, IBF белбеулеріне иелік етеді. 30 жастағы Джошуаның қоржынында 23 жеңіс пен бір жеңіліс бар. Ал оның қарсыласы Руисте 33 жеңіс пен 2 жеңіліс бар. Кәсіпқой бокстағы негізгі төрт белбеудің біреуі Деонтей Уайлдерде. Ол WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы.

https://youtu.be/BESpoJis_xI