Нұр-Сұлтанда 80 кг марихуана тәркіленді
Нұр-Сұлтанда 80 кг марихуана тәркіленді
208
оқылды

Ер адам есірткіні елорда аумағында сатуға әкелген.

«Нұр-Сұлтан қаласы ПД Есіткіге қарсы күрес басқармасы қызметкерлері елорда аумағында есірткі саудасымен айналысқандарды тұтқындау бойынша кешенді жедел іздестіру жұмыстары жүргізді», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Хабарламада: «Абылай хан көшесінің бойындағы үйлердің бірін тінту кезінде бұрын бірнеше рет сотталған 49 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны тұтқындалды. Сондай-ақ үйден 80 кг марихуана табылды», – деп жазылған.

Күдікті бұл есірткіні қала аумағында сатпақ болыпты. Аталған факті соталды тергеулердің Біріңғай реестріне тіркелген. Тұтқын Нұр-сұлтан қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.