Нұр-Сұлтанда екпеден бір бала көз жұмды
Нұр-Сұлтанда екпеден бір бала көз жұмды
216
оқылды

Бала өлімі бойынша тергеу басталған.

Нұр-Сұлтанда қызылшаға қарсы екпе салдырған бала көз жұмды. Марқұмның анасының айтуынша қайғылы оқиға 29 қараша күні орын алған. Дәрігерлер бұған жүрек қан тамырының қысылуы себеп болуы мүмкін деп отыр. Бірақ әйел бұл диагнозбен мүлде келіспейді.

«Біз істің мән-жайын анықтамай тоқтамаймыз. Аминокамның өліміне себеп болған жандардың бәрі жазасын алуы керек. Баламның шын мәнінде неден өлгенін анықтауым керек. Дәрігерлердің қызымның жүрегі әлсіз болды дегені барып тұрған өтірік. Мен ештеңеден тайынбаймын. Осындай жағдайлар бұдан былай қайталанбауы үшін барымды салам», – деп жазады ол.

Отбасы Тауар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне арызданған. Қазір кішкентай Аминаның өлімі фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр.

«Аймахановтар отбасы жазған арыздың негізінде тексеріс жүргізіп жатыр. Оның нәтижелері туралы кейінірек хабарлаймыз», – деді комитет өкілдері.