«Қорғас» 15 ақпанға дейін жабылады
«Қорғас» 15 ақпанға дейін жабылады
715
оқылды
«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы 15 ақпанға дейін жабылады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы облыстық әкімдік баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы қытайдағы коронавирустың алдын алу мақсатында 15 ақпанға дейін жабылады.  Қазақстан Қытайдағы коронавирусқа байланысты қорғаныс шарасын қабылдады. «Алматы облысында ҚХР-мен алты шекара пункті бар. Бүгін өңір басшысының тапсырмасымен Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов барлық шекара пунктерін тексерді. Сонымен қатар, әкім орынбасары ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен кеңес хаттамасының тармақтарына ерекше назар аударды», – делінген хабарламада. Мемлекеттік шекарадағы барлық өткізу пункттерінде санитарлық-эпидемиологиялық және көші-қон бақылауы күшейтілген. Стационарлық тепловизорлармен жабдықталған медициналық қызметкерлер іссапарға жіберілді, обаға қарсы костюмдер, оқшаулағыштар бар. Алакөл, Ұйғыр және Панфилов аудандарының орталық аудандық ауруханаларында науқастар түскен жағдайда қосымша резервтік төсек орын қойылды. «Соңғы жағдайларға байланысты Алматы облысының басшылығы Үкіметке «Қорғас» ШЫХО-ны уақытша жабу туралы бастамамен шықты. Премьер-министр бұл ұсынысты қолдады. Бұл жерде тек Қазақстан тарапынан күніне келушілер саны 3,5 мың адамға жетеді. Қытай тарапынан – жеті мыңға дейін. Осыған байланысты «Қорғас» ШЫХО 15 ақпанға дейін жабылады. Қажет болған жағдайда мерзімдер ұзартылатын болады. Қытай тарапы түсіністікпен қарап отыр», – деді Алматы облысы әкімінің орынбасары Бауыржан Байжұманов.  width=  width=