Партияның игі бастамалары

Партияның игі бастамалары

Нұр-Сұлтан қаласында «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – Nur Otan партиясының 7 серпіні» атты партия жұмысын жүйелі жаң­ғыр­ту, партия жұмысын жандандыру бағдарламасын іске асыру бо­йынша Nur Otan партиясы активінің отырысы өтті. Онда партияның елор­далық филиалы бастауыш партия ұйымдарымен тәжірибе алмасты.

Шараға Nur Otan партиясы Нұр-Сұл­тан қалалық мәслихат фракциясының де­путаттары, партияның аумақтық фи­лиал­­дарының бірінші орынбасарлары, бас­та­уыш партия ұйымдарының төраға­лары мен төрағаларының орынбасарлары, пар­тия­ның қалалық филиалының құры­лым­дық бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты.

Жиында партия жұмысын жан­дан­дырудың негізгі аспектілері, сайлау ал­дын­дағы бағ­дарлама, партияның ақ­па­рат­тық сая­саты және тағы да басқа мә­се­лелер талқыланды.

– Партиялық бастамаларды жүзеге асыру – біздің негізгі қызметіміз. Бұл жер­де партияның жобаларына ерекше на­зар аударылған. Мысал ретінде «Ба­қытты отбасы» жобасын айтуға болады. Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдасты­рылатын «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына елордалық партия мүшелері де өз үлесін қосты. Көпбалалы отба­сылардан шыққан 1 018 балаға 30 мил­лион теңге көлемінде материалдық кө­мек көрсетілді. Шара аясында бүлдір­шіндерге мектеп сөмкелері мен оқу құ­ралдары табыс етілді. Сондай-ақ жетім балаларға ерекше көңіл бөлінуде. Біздің филиалдың бастамасымен балалар үйінің базасында спорт мектептері ашылды. Атап айтқанда, «Грэпплинг» спорт мек­тебі мен Динара Сәдуақасова атындағы шахмат академиясы өз жұмысын баста­ды, – дейді Nur Otan партиясы елордалық филиалы төрағасының бірінші орынба­сары Ерлан Қаналимов.

Оның айтуынша, ағымдағы жылы елордалық партия мүшелері 21 балаға республикалық оңалту орталығында кво­та алуға көмектесті. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан 20 балаға Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына арнайы квота бөлінген.

Отырыс барысында сондай-ақ прай­мериз өткізудің халықаралық тәжірибесі, партиялық кадрлық резервке пилоттық іріктеу қорытындысы, мәслихаттағы депутаттық фракция жұмысының жаңа тәсілдері, партиялық бақылау комис­сиясының және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің жұмысы талқыланды.


Әбілмансұр ЖАСАН