«Қазақ эстрадасының примадоннасы» атанып кеткен алтын дауыс иесі, Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның сахнада жүргеніне елу жыл толды. Осыған орай, Aiqyn тілшісі өнер иесімен сұхбаттасып қайтты.
Aiqyn тілшісі: Кейде сізді орыс тілінде сөйлейді деп сынға алатындар бар. Бірақ балаларыңызға қазақша білім бердіңіз. Бұл пікірлерге көзқарасыңыз қандай?
Біріншіден, мен орыс тілінде өте сирек сөйлеймін. Екіншіден, кейбір бағдарламаларда, ресми кездесулерде немесе орыстілді журналистермен сұхбаттасқан уақытта орыс тілінде сөйлеуге тура келеді. Ал қазақ журналистерімен әрдайым ана тілімде сөйлесемін. Мен екі тілде де білім алған адаммын, қазақша да, орысша да еркін сөйлеймін. Бүгінгі заманда бір емес, бірнеше тіл білу – артықшылық. Тіпті болашақта ағылшын, қытай тілдерін меңгеруіміз маңызды деп санаймын. Ал балаларымның тәрбиесіне келсек, олар туғаннан қазақша тәрбиеленді. Балабақшасы да, мектебі де қазақ тілінде болды. Бүгінде балаларым үш тілді де меңгерген. Немерем де қазір қазақ балабақшасына барып жүр. Біздің отбасымызда қазақ тілі – негізгі тәрбие тілі. Сондықтан бұл тұрғыда менің ұстанымым анық әрі айқын, - деді әнші
Сұхбаттың толық мәтінінің мына сілтемеден оқи аласыз