Қазақтың ақбас сиырының әлі күнге генетикалық стандарты жоқ - Р.Тоқсейітова
Қазақтың ақбас сиырының әлі күнге генетикалық стандарты жоқ - Р.Тоқсейітова
291
оқылды
Республикамыздан тыс жерлерде де танымал қазақтың ақбас сиырының  әлі күнге генетикалық стандарты жоқ! Жуырда осы олқылықтың орны толуы мүмкін. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Рабиға Тоқсейітова фейсбуктегі парақшасында хабарлады. Ол сайлауалды үгіт-насихат барысында  Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданындағы қазақтың ақбас ірі қара тұқымын өсірумен айналысатын «Шалабай» асыл тұқымды шаруашылығына ат басын тіреген.   80 жылдық бай тарихы бар бұл кәсіпорын қазіргі заманғы және Қазақстанның ең ірі асыл тұқымды шаруашылықтарының бірі. Шаруа қожалығы ұзақ жылдар бойы генетиканы және мал өнімділігін жақсарту үшін тынымсыз еңбек етіп келеді. Бүгінде мұнда бұқалардың асыл тұқымды сапасын сұрыптаудың заманауи жүйесі қолданылады, генетикалық әлеуетке сәйкестігін бағалау зертханасы салынып жатыр. Малды бағалау автоматты түрде жүзеге асырылады, ал жиналған ақпарат қазақстандық әріптестерге алғаш рет қазақтың ақбас сиыры тұқымының стандартын жасауға көмектесетін канадалық генетикалық орталыққа жіберіледі. Ол асыл тұқымның сапасы мен ұрпағын бағалаудың негізі болады.
«Шалабай» ауылында өткен кездесуде «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасының басты бағыттарын таныстырдық. Ауыл тұрғындарының өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған бағдарламаны қолдаса, азаматтарды 2021 жылғы қаңтарда өтетін Парламент Мәжілісі сайлауында «Ауылға» дауыс беруге шақырдық», – деді Рабиға Тоқсейітова.